русский язык
Бокс

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Алматыда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Алматыда жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы спорттық мансабындағы үшінші жекпе-жегін Алматы қаласында өткізетін болды. Бұл туралы боксшының «ВКонтакте» желісіндегі парақшасы хабарлап отыр.
 
Айдос Ербосынұлы 2015 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан еді. Осыған дейін екі жекпе-жек өткізіп, екеуін де мезгілінен бұрын аяқтаған болатын.
 
72,6 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығатын отандасымыз 30 қаңтар күні ресейлік Дмитрий Антиповпен жұдырықтасады. Ол осыған дейін 10 кездесу өткізіп, 4-де ғана жеңіске жеткен. 6 жекпе-жегінде жеңіліс тапқан.
 
Айдос Ербосынұлы мен Дмитрий Антипов арасындағы жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған. Алматыдағы өтетін орны хабарланған жоқ.
 
Айта кетейік, қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі жекпе-жектерін «Fight Promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырады. Бүгінде бұл компания келісімшарты бойынша қазақстандық тағы бір боксшы Дәурен Елеусінов те кәсіпқой бокс аренасында бақ сынап жүр. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;