русский язык
Бокс

Головкин 2015 жылдың үздік чемпиондары рейтингісінде бірінші орын алды

Головкин 2015 жылдың үздік чемпиондары рейтингісінде бірінші орын алды

Қазақстандық Геннадий Головкин 2015 жылдың үздік чемпиондары рейтингісінде көш бастады.

Вoxingscene.com порталының ақпаратына сүйенсек, Головкин кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын екенін дәлелдеді.

«Мысалы Мартин Мюррейді тоқтату өте қиын болған, бірақ Головкин оны өз орнына қоя білді. Ал қазан айында GGG Давид Лемьеден IBF чемпиондық титулын тартып алды», - деп жазды басылым. Сонымен қатар, қазақстандық боксшының WBC чемпионы атағына негізгі үміткер ретінде титулдың қазіргі иесі Сауль Альвареспен кездесуге толықтай мүмкіндігі бар екені айтылды.

Айта кетейік, былтырғы жылдың үздік чемпиондары рейтингісінде екінші орынға жартылай орта салмақ дәрежесінде WBO және IBF чемпионы Сергей Ковалев жайғасса, үздік үштікті аса жеңіл салмақта WBC чемпионы Роман Гонсалес түйіндеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;