русский язык
Бокс

Мартин Мюррей: «Головкин - керемет боксшы»

Мартин Мюррей: «Головкин - керемет боксшы»

Британиялық боксшы Мартин Мюррей қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқанына қуанышты екенін айтты.

— Головкин - керемет боксшы. Ол шаршы алаңда бәрін дұрыс істейді. Оның күші, таймингі, қорғанысы - бәрі жоғары деңгейде. Головкиннен жеңілгеніме қарамастан мен бұл кездесуден ләззат алдым. Ең мықты боксшымен жұдырықтаса алатынымды дәлелдедім, - деді Мюррей World Boxing News сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Мартин Мюррей қазақстандық Геннадий Головкиннен техникалық нокаутпен ұтылған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;