русский язык
Бокс

Шүменов-Влодарчик жекпе-жегінің өту мерзімі белгілі

Шүменов-Влодарчик жекпе-жегінің өту мерзімі белгілі

Польшалық Кшиштоф Влодарчик пен қазақстандық Бейбіт Шүменов арасындағы жекпе-жек сәуір айына ауыстырылды, бұл туралы польшалық боксшының бапкері Федор Лапин «Р-Спорт» басылымына айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Влодарчик пен Шүменов арасындағы кездесу 2015-ші жылдың 18-ші желтоқсан күні өтуі тиіс еді. Бірақ, қазақстандық боксшының жарақатына байланысты бұл жекпе-жек кейінге шегерілді. Влодарчик өзінің соңғы кездесуін 2014-ші жылдың қыркүйек айында ресейлік Григорий Дроздқа қарсы өткізген болатын. Аталмыш кездесуде польшалық былғары қолғап шебері ұпай шешімімен жеңілді. 

«Бастапқы да кездесу қаңтардың соңына ауыстырылған болатын. Бірақ қазір маған белгілі болғандай, Шүменовке қарсы жекпе-жек сәуір айында өтетін болды. Біз оған дейін тағы бір кездесу өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Кшиштофқа бір кездесу болсын өткізу керек, өйткені ол бір жылдан астам мерзімде шаршы алаңға шыққан жоқ», - деді Лапин. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;