Командалық әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық теннисшілер белгілі болды

Теннистен әйелдер арасындағы командалық Билли Джин Кинг кубогында өнер көрсететін Қазақстанның құрамы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнирдің финалдық кезеңі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16-21 қыркүйек аралығында өтеді.
Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ құрамасымен кездеседі. Бұл матч 18 қыркүйекке жоспарланған.
Финалдық кезеңде бақ сынайтын Қазақстан құрамасы:
- - Елена Рыбакина
- - Юлия Путинцева
- - Зарина Дияс
- - Анна Данилина
- - Жібек Құламбаева
Капитан: Юрий Щукин
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы өз тарихында үшінші рет Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или