Қазақстан құрамасы футболшысының Молдоваға аттанады. Күні белгілі болды

Азербайжандық «Сабах» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Петрокубқа» қарсы матчқа ұшатын күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Idman.biz сайтына сілтеме жасап.
Бакулік команда Молдоваға 23 шілде күні түнде аттанады.
Бас бапкер Валдас Дамбраускастың матч алдындағы баспасөз мәслихаты келесі күні өтеді және жергілікті уақыт бойынша 18:30-да басталады. Ал жаттығу жұмыстары 19:00-де өтеді, оның алғашқы 15 минуты журналистерге ашық болады.
«Сабахты» сырт алаңда қолдайтын жанкүйерлер саны әзірге белгісіз.
«Петрокуб» — «Сабах» кездесуі 24 шілде күні Кишинев қаласындағы «Зимбру» стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады. Қарымта матч 31 шілде күні Масазыр қаласындағы «Банк Република» аренасында өтеді. Бұл ойын Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.
Еске салайық, «Сабах» командасының негізгі қақпашысы — Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов.