Қазақстандық жауынгердің UFC турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі

Қазақстандық жауынгердің UFC турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Николай Веретенников (13–6) UFC ұйымындағы үшінші жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында өткен UFC 318 турнирінде аргентиналық Франсиско Прадомен (12–4) кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Sporty Salaries дерегі бойынша, Николай келесі табыстарға қол жеткізді:

  • 24 000 доллар – жекпе-жекке қатысқаны үшін кепілді гонорар;
  • 4 000 доллар – демеушілік төлем;
  • 24 000 доллар – жеңіске жеткені үшін сыйақы.

Жалпы табысы 52 000 АҚШ долларын немесе шамамен 27 774 869 теңгені құрады.

Ал қарсыласы Франсиско Прадо 30 000 долларлық негізгі гонорар мен 4 500 доллар демеушілік төлем алды. Егер жеңіске жеткенде оның табысы 64 500 долларға дейін жетер еді.

Айта кетейік, Веретенников UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 2024 жылдың тамызында Дэнни Бэрлоуға қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңілген болатын. 2025 жылдың ақпанында екінші кездесуінде Остин Вандерфордтан техникалық нокаутпен жеңілді. Ал Прадоға қарсы жекпе-жек оның UFC-дегі алғашқы жеңісі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или