РПЛ: Нұралы Әліптің командасы өз алаңында «Ростовты» жеңді

РПЛ: Нұралы Әліптің командасы өз алаңында «Ростовты» жеңді

Санкт-Петербургтің «Зенит» командасы Ресей Премьер-лигасының бірінші туры аясында өз алаңында «Ростовты» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Санкт-Петербургтегі (Ресей) «Газпром Арена» стадионында өтіп, 2:1 есебімен «Зенит» жеңіске жетті.

«Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп бұл матчтың тізіміне енгенімен, қосалқы құрамда қалды.

Келесі турда 26 шілдеде «Ростов» қонақта мәскеулік «Динамомен», ал «Зенит» бір күннен кейін сырт алаңда Қазанның «Рубинімен» ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или