Энтони Джошуаның Усик пен Дюбуа жекпе-жегіне реакциясы белгілі болды

Энтони Джошуаның Усик пен Дюбуа жекпе-жегіне реакциясы белгілі болды


Танымал промоутер Эдди Хирн украиналық Александр Усик пен британдық Дэниел Дюбуаның титулдық реваншынан кейін Энтони Джошуамен не жайлы сөйлескенін айтып берді, деп жазады Prosports.kz.

Өткен түнде Усик Дюбуаны бесінші раундта нокаутпен жеңіп, суперауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды.

— Иә, мен Энтонимен сөйлестім. Оған екі хабарлама жібердім. Біріншісі: «Усик керемет». Екіншісі: «Біз, шынымен-ақ, Дюбуаны жеңуіміз керек еді». Ол маған жай ғана: «Білем», – деп жауап берді, — деді Хирн The Stomping Ground басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде Энтони Джошуа Дэниел Дюбуадан дәл сол бесінші раундта нокаутпен жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или