Дэйна Уайт UFC 319 турнирінен көп үміт күтеді

UFC президенті Дэйна Уайт алдағы UFC 319 турниріне қатысты ойымен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.
Аталған турнир 17 тамыз күні Чикагодағы «Юнайтед центр» аренасында өтеді. Кештің басты жекпе-жегі – Хамзат Чимаев пен Дрикус Дю Плесси арасындағы кездесу.
— Келесі нөмірлі турнирдің басты айқасы – Чимаев пен Дю Плесси. Біз Чимаевтың титул үшін қашан жұдырықтасатынын көптен күтіп жүрміз. Бұл үлкен турнир болайын деп тұр.
Чикагоға оралған әрдайым жақсы. Билеттер түгел сатылып кетті. Керемет кеш болғалы тұр. Бұл жолы ерекше турнир болады деген сезімдемін, — деді Уайт баспасөз мәслихатында.
— UFC 318-дегі жағдай әлі есімде: зал соншалықты дауысты болды, төреші тіпті гонгты естімей қалды, содан раунд 5 секундқа ұзарып кетті. Чикагода да сондай атмосфера болады деп үміттенемін, — деді ол.