Ильяс Хамзин АҚШ-та қарсыласын нокаутқа түсірді

Ильяс Хамзин АҚШ-та қарсыласын нокаутқа түсірді


АҚШ-та өткен Karate Combat турнирінде этникалық қазақ, ресейлік файтер Ильяс Хамзин әсерлі жеңіске жетті, деп жазады Prosports.kz.

Ол бұрынғы UFC жауынгері, бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. Алдымен қарсыласын оң қолмен соғып, нокдаунға жіберді, артынша жерде соққыларын жалғастырды. Оливейра еш қарсылық көрсете алмады, сол себепті төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Жеңісін Ильяс атышулы «Кикбоксер» фильміндегі Жан-Клод Ван Даммның биімен атап өтті. Бұл – оның Karate Combat лигасындағы қатарынан екінші финиші.

Жекпе-жек соңында Хамзин жанкүйерлерге үндеу жасап, чемпиондық белбеу үшін таласуға дайын екенін мәлімдеді: — Орта салмақтағы чемпион кім екенін білесіздер ме? Мен білмеймін! Мен – Ильяс Хамзин. Мен – болашақ чемпионмын. Мен – жаңа буынмын. Командама және Игорь Алексеевич Алтушкинге алғыс айтамын, — деді спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или