Месси пенальтисіз голдар саны бойынша жаңа рекорд орнатты

«Интер Майамидің» 38 жастағы аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси тағы бір рекордтың авторы атанды, деп жазады Prosports.kz.
20 шілде күні өткен MLS матчында оның командасы сырт алаңда «Нью-Йорк Ред Буллзды» 5:1 есебімен жеңді. Месси бұл ойында екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Екі голды да пенальтисіз, ойын барысында салды.
Осылайша, Месси ресми матчтарда пенальтисіз соғылған голдар саны бойынша Криштиану Роналдуды артта қалдырды – Лионельдің еншісінде 764 гол, ал Роналдудың көрсеткіші – 763. Жалпы есепте Месси 1114 ойында 874 гол соққан (оның 110-ы пенальтиден), ал Роналду 1281 матчта 938 голмен көзге түскен (175 – пенальти).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или