Деметриус Джонсон Порьенің мансабына қатысты пікір білдірді

UFC-дің бұрынғы чемпионы Деметриус Джонсон Дастин Порьенің мансабын аяқтауына байланысты ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.
Бүгін түнде Порье соңғы жекпе-жегін өткізіп, Макс Холлоуэйден жеңіліп қалды.
— Өте ұзақ әрі түрлі кезеңдерге толы мансап болды. Ол қарсыластарын нокаутқа түсіріп те, тұншықтыру тәсілімен де жеңді. Бірақ өзі де талай рет жеңіліп көрді. Қиындығы мен жеңісі қатар жүрген мансап. Дегенмен табысты мансап болды деуге болады. Өйткені Дастин бұл спорттан жақсы қаражат тапты. Ал октагондағы нағыз айқас туралы айтсақ, Порье — ең мықтылардың бірі болды, — деді Джонсон әлеуметтік желіде жариялаған видеосында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или