UFC 318: Басты жекпе-жекте Холлоуэй мен Порье титул үшін төбелесті

Америкалық файтер Макс Холлоуэй (26-8) мен Дастин Порье (30-9) Жаңа Орлеанда (АҚШ, Луизиана) өткен UFC 318 турнирінің негізгі жекпе-жегінде жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақта BMF титулына арналған жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын. Қорытындысында төрешілер (48-47, 49-46, 49-46) Холлоуэйлі жеңімпаз деп таныды. Осылайша, Макс мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізсе, Порье ММА-да оныншы рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, Порье мен Холлоуэй бұған дейін екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де Дастин жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или