100 миллион еуродан төмен: «Ливерпуль» Экитике бойынша екінші ұсыныс дайындап жатыр

100 миллион еуродан төмен: «Ливерпуль» Экитике бойынша екінші ұсыныс дайындап жатыр

«Ливерпуль» жақында «Айнтрахт» клубына шабуылшы Уго Экитикенің трансфері бойынша жаңа ұсыныс жасамақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Саша Тавольеридің мәліметінше, «қызылдар» 23 жастағы Экитике үшін 80 миллион еуро және қосымша 10 миллион еуро бонус ұсынбақ. Осы ұсыныстан кейін трансфердің аяқталуы күтілуде. Тавольери трансфер құны бұған дейін хабарланған 100 миллион еуроға жетпейтінін ерекше атап өтті.

Уго Экитике «Айнтрахт» сапында 64 ресми матч өткізіп, 26 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, «Ливерпуль» қазіргі Англия чемпионатының жеңімпазы саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или