Вашингтон турнирі: Бейбіт Жұқаев іріктеу сайысының финалына шықты

Вашингтон турнирі: Бейбіт Жұқаев іріктеу сайысының финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 216-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Вашингтон (АҚШ) ATP 500 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші биыл алғаш рет Уимблдон жарысында өнер көрсетіп, соның нәтижесінде ATP рейтингісінде 247-ден 216-сатыға көтерілген еді.

Бұл жолы Вашингтонда іріктеу сайысының жартылай финалында әлемнің 164-ракеткасы, америкалық Джеймс Маккейбпен ойнады.

Бірінші партияда тай-брейкте корт иесі табандылық танытты – 7:6 (7:3).

Бұдан кейін Бейбіт камбэк жасай білді – 6:2, 6:2.

Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты бәсекеде Жұқаев 21 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Маккейб 16 эйспен көзге түсті.

Бейбіт Жұқаев іріктеу сайысының финалында әлемнің 324-ракеткасы, италиялық Андреа Вавассори немесе рейтингіде 379-сатыдағы тағы бір америкалық Альфредо Перестің қай жеңгенімен кездеседі. Соңғы бәсекеде қарсыласын ұтса, негізгі жарысқа жолдама алады.

Осылайша, қазақстандық теннисші АҚШ-тағы додалар сериясын сәтті бастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или