ПСЖ шабуылшысы АПЛ клубына ауысуы мүмкін

ПСЖ шабуылшысы АПЛ клубына ауысуы мүмкін

ПСЖ шабуылшысы Рандаль Коло-Муаниге «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Foot Mercato мәліметінше, манчестерлік клуб ПСЖ шабуылшысын негізгі «тоғызыншы нөмір» ретінде қарастырып, оған қатысты сұрау жолдаған. 

Сондай-ақ Коло-Муаниға «Ньюкасл» да көз тігіп отыр. Бұл клуб шабуылшының өкілдерімен байланысқа шықты, себебі команданың үздік сұрмергені Александр Исакқа басқа клубтар, оның ішінде Сауд Арабиясынан да қызығушылық бар.

Коло-Муаниді «Ювентус» та қатарына қосқысы келеді. Айта кетейік, шабуылшы өткен маусымның екінші жартысында туриндік клуб сапында жалда өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или