Қазақстанның үздік теннисшісі Швейцариядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстанның үздік теннисшісі Швейцариядағы турнирдің финалына шықты

Әлемнің 34-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP-250 санатындағы топырақтағы турнирдің финалына сенімді шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда әлемнің 34-ракеткасы рейтингте 116-орында тұрған француз Артур Казоны жеңді. Кездесу 1 сағат 13 минутқа созылып, 6:1, 7:5 есебімен аяқталды.

ATP-250 турнирінің чемпионы атағы үшін Александр Бублик әлемдік рейтингте 109-орында тұрған Хуан-Мануэль Серундоломен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или