«Реал» үш ойыншымен келісімшартты ұзартпақ

«Реал» үш ойыншымен келісімшартты ұзартпақ


Мадридтік «Реал» қақпашы Тибо Куртуа келісімшартты ұзартқаннан кейін тағы екі футболшымен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл жолы шабуылшы Браим Диас пен қорғаушы Рауль Асенсио командада қалмақ.

Бұл жөнінде журналист Фабрицио Романо әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, Куртуа мен Диас жаңа келісімнің шарттарын клубпен толықтай мақұлдаған. Қазір тараптар құжаттарға ресми түрде қол қоюға дайындалуда.

Сондай-ақ Асенсионың жаңа келісімі 2031 жылдың маусымына дейін ұзартылатыны нақтыланды. Бұған дейін испандық басылымдар Куртуаның келісімшарты 2027 жылға дейін ұзартылғанын хабарлаған еді.

Қазіргі келісім бойынша, Браим Диас «Реалмен» 2027 жылға дейін, ал Рауль Асенсио 2026 жылдың маусымына дейін байланысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или