«Ақтөбенің» көшбасшы ойыншысы Ресей чемпионатына ауысты

«Ақтөбенің» көшбасшы ойыншысы Ресей чемпионатына ауысты


Камерундық қорғаушы Габи Кики Ресейдің «Крылья Советов» клубының базасына келіп, командамен жақынырақ таныса бастады. 

Ол РПЛ-дің алғашқы турында «Акронға» қарсы өтетін ойынды Самарадағы «Солидарность Арена» стадионында жанкүйер ретінде тамашалайды.

Бұл ақпаратты клубтың баспасөз қызметі растады. Бұған дейін ресейлік журналист Иван Карпов «Крылья Советов» клубы Кикиге қызығушылық танытып жатқанын хабарлаған болатын. Қорғаушының «Ақтөбемен» келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін жарамды.

2024 жылғы маусымда Габи Кики «Ақтөбе» сапында 11 матчқа қатысып, бір гол соқты. Оның ішінде бір ойын Лига Еуропасының іріктеу кезеңінде өткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или