Черундоло финалға жолдама алды, Бубликтің қарсыласы атанды

Аргентиналық теннисші Хуан Мануэль Черундоло Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP-250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда ол перулік Игнасио Бусені 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды.
Әлемнің 109-ракеткасы финалда Артур Казо (Франция) мен Александр Бублик (Казахстан, 2) арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, турнир 14–20 шілде аралығында өтуде. Өткен жылғы жеңімпаз Маттео Берреттини бұл жолы жарысқа қатысудан бас тартқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или