Ди Мария: Месси сиқырдың иесі, Роналду – еңбектің адамы

Аргентина құрамасының әлем чемпионы Анхель Ди Мария Лионель Месси мен Криштиану Роналдуның айырмашылығы жайлы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.
Ол Мессимен бірге ПСЖ мен ұлттық құрамада ойнаса, Роналдумен мадридтік «Реалда» бірге өнер көрсеткен.
— Криштиану – өз дәуірінің үздігі. Ал Мессиге сиқырлы таяқтың ұшы тигендей. Бірінде сегіз «Алтын добы» бар, екіншісінде – бес. Бұл — үлкен айырмашылық. Әлем чемпионы атану да сондай үлкен мәртебе. Мұны ойын кезінде әр минут сайын байқаймыз.
Бірі көзге түсу үшін бар күшін салады, ал екіншісі жай ғана футболдан ләззат алып жүргендей, — деді Ди Мария beInSports-қа берген сұхбатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или