Қазақстандық спортшылар Азия кубогында екі медаль алды

19-20 шілде аралығында Малайзияның Кампар қаласында триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогы өтіп жатыр.
Отандастарымыз жарыстың бірінші күнінде жеңіс тұғырына көтерілді.
Рамазан Айнегов 00:58:46 уақыт көрсеткішін тіркеп, чемпион атанды. Тағы бір жерлесіміз Елмұрат Қанай 00:59:02 нәтижемен үшінші орынды иеленді. Ал күміс жүлде Сеймур Энтони Каглаянға (Түркия) бұйырды - 00:58:56.
Айта кетейік, аталмыш жарысқа 15 елден 60 спортшы қатысып жатыр.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или