Қазақстандық қақпашы мансабын қырғызстандық клубта жалғастырады

29 жастағы қазақстандық қақпашы Азамат Жомартов Қырғызстанның «Барс» командасына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жомартов Атырау футбол мектебінің түлегі. Оның мансабында қырғызстандық «Алай» мен «Қағанат», сондай-ақ «Тұран», «Қыран», «Арыс», «Ордабасы» сияқты клубтар бар. Ойыншының кейінгі командасы «Жетісай» болды, ол үшін Бірінші лигада 8 матч өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или