Данияр Елеусінов пен Иван Дычко АҚШ-тағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеді. Видео

Данияр Елеусінов пен Иван Дычко АҚШ-тағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеді. Видео

Қазақстандық боксшылар Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) пен Иван Дычко (14-0, 13 КО) 20 шілде күні таңертең АҚШ-та жекпе-жек өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Олар Вашингтондағы (Пенсильвания) бокс кешінің аясында өнер көрсетеді. Жартылай орта салмақтағы Елеусіновтің қарсыласы филиппиндік Джеймс Бэкон (26-5, 17 КО) болады. Аса ауыр салмақтағы Дычко америкалық Сэмюэль Кроссқа (11-4-1, 7 КО) қарсы жұдырықтасады.

Жекпе-жек қарсаңында екі боксшы да салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтіп, қарсыластарымен көз түйістірді.

Данияр Елеусінов кейінгі жекпе-жегін 2024 жылдың 28 қыркүйегінде Алматыда өткізіп, тағы бір филиппиндік боксшы Джо Нойнайды (23-5-2, 11 КО) мерзімінен бұрын жеңді.

Иван Дычкоға келсек, ол 2024 жылдың тамыз айында Америкадағы Плант-Ситиде өткен бокс кешінде, америкалық боксшы Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) нокаутқа түсірген болатын.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или