Қазақстан тумасы әлем чемпионатына дайындалу үшін қомақты қаржыдан бас тартты

Қазақстан тумасы әлем чемпионатына дайындалу үшін қомақты қаржыдан бас тартты

Өзбекстан құрамасы мен Иранның «Фулад» клубының қақпашысы Уткир Юсупов команда ауыстырмауды ұйғарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Upl.uz мәліметінше, ирандық алып клуб «Эстегляль» Юсуповқа ұсыныс жасап, оны өз сапына қоспақ болған. Алайда қомақты келісімшартқа қарамастан, футболшы өз клубында қалуды жөн көрген.

Юсупов тұрақтылықты таңдауды және алдағы әлем чемпионатына жақсы дайындалуды шешкен. Жаңа командада оған бейімделуге тура келер еді және қиындықтар тууы мүмкін болғандықтан, ол «Фулад» сапында қалуға және ұлттық құрама үшін жақсы дайындалуға бел буды.

Айта кетейік, Уткир Юсупов 1991 жылы Қазақстанның Сайрам ауылында дүниеге келген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или