Қазақстандық спортшы су спорты түрлерінен әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық спортшы су спорты түрлерінен әлем чемпионатының финалына шықты

Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz

18 шілдеде басталған жарыстар аясында көркем жүзу сайыстары өтіп жатыр.

Техникалық жеке бағдарламада ел намысын қорғаған Карина Магрупова 232.2050 ұпай жинап, 12-орын иеленді. Іріктеу сайысының қорытындысы бойынша спортшы 232,2050 ұпай жинап, 12-орынға көтеріліп, финалға жолдаманы қамтамасыз етті. Байқаудың финалдық кезеңі 19 шілдеде өтеді.

Магрупова үшін бұл оның ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы дебюті және финалға шығу қазірдің өзінде үлкен жетістікке айналды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или