«Алаңда өзін жақсы көрсетті». «Қайраттың» бұрынғы жұлдызы команданың «Олимпияға» қарсы матчы туралы

«Алаңда өзін жақсы көрсетті». «Қайраттың» бұрынғы жұлдызы команданың «Олимпияға» қарсы матчы туралы

«Қайраттың» бұрынғы үздік ойыншыларының бірі, қазіргі таңда Сербияның «Спартак Суботица» клубында спорт директоры болып жұмыс істейтін Жарко Маркович Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында UEFA Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы любляналық «Олимпияға» қарсы Алматыда өткен матч нәтижесі туралы ойын бөлісті.

«Мен бұған дейін де айтқан едім, «Қайрат» өз жанкүйерлерінің алдында аздап фаворит болды. Солай да болды. Қайраттықтар бұл жеңіске лайықты түрде жетті, әділ ойын көрсетті. Команда ретінде алаңда өзін жақсы көрсетті», – деді алматылық клубтың бұрынғы жетекші футболшысы.

Еске салайық, 15 шілдеде Алматыда өткен ойында «Қайрат» Люблянаның «Олимпия» командасынан 2:0 есебімен басым түсті. Словениядағы алғашқы матч 1:1 есебімен аяқталған болатын. Осылайша, алматылық команда 2025/2026 жылғы UEFA Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің екінші кезеңіне жолдама алып, келесі айналымда Финляндияның «КуПС» клубымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или