русский язык
Бокс

Том Лёффлер: «Сондерстің жауабын күтудеміз»

Том Лёффлер: «Сондерстің жауабын күтудеміз»

Қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлер британиялық Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізуге қатысты түсініктеме берді.

«Жекпе-жек сәуірде болуы мүмкін. Алайда біз әлі Сондерстің жауабын күтіп отырмыз. Әзірге ұсынысымызға жауап алмадық, сондықтан ол жайында айту орынсыз», - деді Лёффлер.

Бұған дейін шетелдік БАҚ GGG командасы Сондерспен жекпе-жекке 4 миллион доллар төлеуге дайын екенін хабарлаған болатын. Бұл соманы британиялықтың промоутерлері қанағат тұтпауда: олар 6 миллион доллар сұрап отыр.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;