Қазақстанның үздік теннисшісі Лондондағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық Анна Данилина ресейлік теннисші Диана Шнайдермен бірге Лондонда (Ұлыбритания) Queen’s Club Championships турнирінің жұптық сынында финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалдық кездесуде Данилина мен Шнайдер америкалық Эйжа Мухаммад пен нидерландылық теннисші Деми Схюрспен кездесіп, олардан үш сеттте 5:7, 7:6, 4:10 есебімен ұтылып қалды.
Осылайша, Анна Данилина қатарынан екінші рет чемпиондық атақты жеңе алмады, өткен аптада ол сербиялық Александра Круничпен бірге «Ролан Гарростың» финалында өнер көрсетіп, италиялық теннисшілер Сара Эррани мен Жасмин Паолиниден жеңіліп қалды – 4:6, 6:2, 1:6.
Айта кетейік, Данилина – әйелдер арасындағы жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы – WTA рейтингінде ол 9-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или