Рыбакинаны жеңген 37 жастағы теннисші мансабында алғаш рет WTA-500 турнирінде топ жарды

Бүгін Queen’s Club Championships турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сынында жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
WTA-500 санатындағы турнирдің финалында германиялық 37 жастағы Татьяна Мария америкалық Аманда Анисимованы екі сетте – 6:3, 6:4 есебімен жеңді. 37 жастағы спортшы мансабында мұндай беделді жарыста алғаш рет жеңіске жетіп отыр.
Айта кетейік, турнир барысында Мария Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или