ФИФА клубтар арасындағы әлем чемпионатының ашылу матчына билеттерді сата алмай отыр

ФИФА клубтар арасындағы әлем чемпионатының ашылу матчына билеттерді сата алмай отыр

ФИФА клубтар арасындағы әлем чемпионатының ашылу матчына билеттерді сата алмай отыр. Ашылу матчында мысырлық «Әл-Ахли» мен АҚШ-тың «Интер Майами» командасы кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Athletic мәліметінше, Майамидегі «Хард Рок» стадионы 65 мың көрерменге арналған, алайда қазіргі уақытта небәрі 20 мың билет қана сатылған.

ФИФА бұл жағдайдан шығудың жолын тапты — ұйым Майами Дейд колледжімен келісімге келді. Онда 100 мың студент білім алады. Енді билет сатып алған әр студентке қосымша тағы төрт билет беріледі. Бұл ұсыныс арнайы бағамен — 3,5 еуро көлемінде жүзеге асады.

«Біз стадионды толтырамыз, атмосфера керемет болады. Иә, әлі сатылмаған билеттер бар, бірақ алдағы күндері оларды әлдеқайда көп мөлшерде сатамыз», — деп келтіреді ФИФА президенті Джанни Инфантиноның сөзін The Athletic басылымы.

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты 2025 жылы 14 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтеді. Турнирге әр құрлықтан 32 команда қатысады. Олар сегіз топқа бөлінеді. Әр топтан алғашқы екі орын иелері 1/8 финалға жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или