русский язык
Бокс

Роберт Гарсия: «Жыл боксшысы» титулын Геннадий Головкинге берер едім!»

Роберт Гарсия: «Жыл боксшысы» титулын Геннадий Головкинге берер едім!»
Атақты бокс маманы Роберт Гарсия «Жыл боксшысы» атағына қазақстандық Геннадий Головкин лайық екенін айтты.
 
«Жыл боксшысы» атағына лайық болу үшін бірқатар шарттарды орындауын қажет. Менің ойымша, бұл атаққа Геннадий Головкин лайық. Ол шаршы алаңға жиі шығып, барлық қарсыластарын нокаутпен жеңді. Бірақ Геннадийдің жұлдызды қарсыласы болмады, ал Альварес Коттодан айласын асырды. Ол да «Жыл боксшысы» атағына лайық. Сондай-ақ, Мэнни Пакьяо мен Андре Бертоны ұтқан Флойд Мэйвезер бар... Роман Гонзалес те өзін мықты қырынан көрсетті. Өзбасым «Жыл боксшысы» титулын Геннадий Головкинге берер едім. Ол кез келген қарсыласын оңай жеңеді әрі шаршы алаңға өте жиі шығады», - деді Роберт Гарсия
 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;