Кейс Бол Франциядағы жарыста ондыққа кірді

Бүгін Франция жолдарында Dunkirk Classic атты бір күндік веложарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыста Израиль-Premier Tech командасынан неміс Паскаль Аккерманн топ жарды. Екінші орын Intermarché-Wanty командасынан эритреялық Биням Гирмайға бұйырды. Үшінші нәтижені Tudor Pro командасының өкілі Альберто Дайнезе көрсетті.
«Астана» шабандозы Кейс Бол жетінші, Майк Теуниссен 12, Хенок Мулубиурхан 58, Мишель Газзоли 88, Аарон Гайт 103, Иван Смирнов 148-орын алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или