«Бешикташ» Ла Лига клубына Зайнутдиновтың бағасын айтты

Түркиялық «Бешикташ» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактияр Зайнутдиновтың трансферіне қатысты испандық «Вальядолидпен» келіссөздерді жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бешикташ» Зайнутдиновты «Вальядолидке» міндетті сатып алу талабымен жалға беруге дайын. Стамбул клубы қазақстандықты 5 миллион еуроға бағалап отыр. «Вальядолидтің» бірінші ұсынысы «Бешикташты» қанағаттандырмады, бірақ испандық клуб жақсартылған шарттармен жаңа ұсыныс жасайды деп күтілуде.
2023 жылдың тамызында «Бешикташ» Мәскеудің ЦСКА-дан Бактияр Зайнутдиновты 4,5 миллион еуроға сатып алды. Transfermarkt.de сайтының мәліметінше қазір футболшының бағасы 3,7 миллион еуроны құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или