«Ливерпуль» қорғаушысы «Реал Мадридке» ауысқысы келетінін хабарлады
«Ливерпуль» және Англия құрамасының оң қаптал қорғаушысы Трент Александр-Арнольд карьерасын «Реал Мадридте» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Marca ақпараты бойынша, Трент Александер-Арнольд «Ливерпуль» басшылығына 2025 жылы жазда «Реал Мадридке» ауысқысы келетінін хабарлаған.
Бұл жайында қорғаушы «мерсисайдтықтармен» келіссөздің соңғы кезеңінде айтқан. Ал «Реал» Трентпен қаңтарда келісімшарт жасасып қоя алады, жақын арада келіссөз бастамақ.
Қорғаушы осы маусымда барлық турнирде 22 матчқа қатысып, бес нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы оны 75 млн еуроға бағалайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или