«Қайраттың» экс-футболшысы өз еліндегі барлық атағынан айырылды

«Қайраттың» экс-футболшысы өз еліндегі барлық атағынан айырылды

Украина президенті Владимир Зеленский «Зенит» бапкері Анатолий Тимощукты мемлекеттік наградаларынан айыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Украина құрамасының бұрынғы ойыншысынан бөлек, тағы 33 адам атағынан айырылды.

Бұған дейін Украина футбол ассоциациясы Тимощукты ұлттық деңгейдегі барлық титулынан өмір бойына айыру туралы шешім шығарған. Бірақ футболшы 2023 жылы қыркүйекте УФА-ның шешіміне қарсы CAS-қа шағым түсірді. Тимощук Украина құрамасы сапында 144 кездесу өткізіп, 4 гол соққан.

2017 жылдың ақпан айында Украинаның үш дүркін чемпионы PRO класындағы жаттықтырушы лицензиясын алып, «Зениттің» бапкерлер штабына кірді.

Айта кетейік, Анатолий Тимощук футболшы ретіндегі мансабын алматылық «Қайратта» аяқтады. Қазақстандық клубта ол 2015-2016 жылдары доп тепті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или