Хамза Шираз Әлімханұлымен жұдырықтасудан бас тартты
Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен ұлыбританиялық Хамза Шираз (21-0, 17 КО) арасындағы жекпе-жек өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оливьери Шираздың тарапы промоутерлік саудаға қатысу ұсынысынан бас тартқанын айтты. WBO басқа қарсыласты ұсынады.
«Queensberry Promotions промоутері Джордж Уоррен Хамза Шираз орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қарсы міндетті жекпе-жектен бас тартқанын растады. Сондықтан бүгінгі промоутерлік сауда өтпейтін болды. Комитет келесі қадамдарды анықтау үшін қайта жиналады», - деп жазды Оливьери X желісінде.
Еске салайық, Жәнібектің кейінгі жекпе-жегін 4 қазанда Сиднейде (Австралия) өткізіп, тоғызыншы раундта Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайловичті нокаутқа түсірген еді.
Бұған дейін Фрэнк Уоррен 22 ақпанда Эр-Риядта (Сауд Арабия) өтетін бокс кешінде Хамза чемпиондық жекпе-жек өткізетінін хабарлаған болатын. Оның қарсыласы Эрисланди Лара (WBA) немесе Карлос Адамес (WBC) болуы ықтимал.
Be advised Promoter George Warren of Queensberry Promotions, on behalf of @sheeraz_hamzah confirmed fighter will withdraw the Mandatory against #WBO Middleweight Champion @qazaqstyle. Today’s purse bid is canceled. Committee will reconvene to determine next steps. @KlimasBoxing
— Gustavo Olivieri, Esq. (@OlivieriLaw) November 18, 2024