2024 жылғы әлем чемпионатындағы Қазақстанның қарсыласы қаражатсыз қалды
Латвия құрамасы қаржы тапшылығына байланысты қараша айында бірде-бір кездесу өткізбейді. Бұл туралы Латвия хоккей федерациясының бас хатшысы Робертс Плужейс мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Соңғы рет қарашада қашан ойнамағанымыз есімде жоқ, бірақ шешім қаржылық жағдайға байланысты қабылданды. Дегенмен, бұл тек ерлер командасына ғана емес, жаттығу жоспарларындағы өзгерістер U20 және U18 командаларына да әсер етті.
Біз бұл шешімді алдымызда қиын маусым мен Олимпиада ойындарына дайындықты ескере отырып қабылдадық. Бұл дайындық қалай қаржыландырылатыны белгісіз», - деп келтіреді Плужейстің сөзін Pravda.sk.
Латвия құрамасының келесі ойындары желтоқсан айында Кауфланд кубогында өтетіні атап өтілді.
Естеріңізге сала кетейік, хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ойында Латвия құрамасы Қазақстанды 0:2 есебімен жеңген болатын.