ҚХЛ: «Барыс» сырт алаңда «Нефтехимиктен» жеңіліп қалды

ҚХЛ: «Барыс» сырт алаңда «Нефтехимиктен» жеңіліп қалды

11 қарашада Нижнекамскіде астаналық «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатын аясында сырт алаңда «Нефтехимикпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz

Командалар бірінші үзіліске 1:0 есебімен алаң иелерінің басымдығымен шықты;

Екінші кезеңнің ортасында Владимир Брюквин «Нефтехимиктің» басымдығын екі голға жеткізді, ал кезеңнің соңына қарай Қазақстан құрамасының шабуылшысы Батырлан Мұратов дәл соққымен есепті 2:1 қылды. Үшінші кезеңде қазақстандықтар басымдыққа ие болғанымен, қарсылас команда сапынан Евгений Митякин қонақтардың басымдығын ұлғайтты - 3:1. «Нефтехимик» қорғаушысы Богдан Киселевичтің  соққан шайбасы матч нүктесін қойды. Матч 4:1 есебімен аяқталды..

«Нефтехимик» (Нижнекамск) - «Барыс» (Астана) 4:1 (1:0, 1:1, 2:0)

1:0 – Хоружев (Митякин, Леонтьев)

2:0 – Броюквин (Профака, Точилкин)

2:1 – Муратов (Данияр, Савицкий)

3:1 – Митякин (Лещенко, Барбер)

4:1 – Киселевич

Қақпашылар: Долганов – Бояркин

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или