«Барыс» ҚХЛ көшбасшыларының біріне есе жіберді
Қазақстандық «Барыс» Астанада «Автомобилистке» қарсы ҚХЛ тұрақты чемпионатының кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz
Бірінші кезеңнің соңына қарай Никита Сетдиков есеп ашып, айдын иелерін алға шығарды. Үшінші кезеңде Никита Трямкин шайба соғып, қонақтар есепті теңестірді. Кейінірек «Автомобилист» сапындағы Брендон Лайпсиктің дәл соққы жасап, есеп 1:2 болды. Кездесудің аяғына қарай Стефан Да Коста қонақтардың басымдығын нығайтты (1:3).
Осылайша, «Барыс» 23 кездесуден кейін 14 ұпаймен Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 11-орында қалды. Жеңістің арқасында «Автомобилист» 30 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 2-орында тұр.
«Барыс» (Астана) - «Автомобилист» (Екатеринбург) 1:3 (1:0, 0:0, 0:3)
1:0 - Сетдиков
1:1 - Трямкин
1:2 - Лайпсик
1:3 - Да Коста
Қақпашылар: Шутов – Галкин