Луис Энрике мадридтік клубты жатықтыруы мүмкін еді

Луис Энрике мадридтік клубты жатықтыруы мүмкін еді

Луис Энрике «Атлетико Мадридтің» тізгінін ұстауы мүмкін болған, деп хабарлайды Prosports.kz 

Диего Симеоне келмей тұрып «Атлетико» Энрикемен келіссөз жүргізген. 

Мұны испан маманы бүгінгі матч алдында айтты:

«Бұл рас, бірақ ол кезде басқа клубпен келісіп қойған едім. Бірақ «Атлетиконың» жолы болды, себебі Симеоне жұмыс істеген жылдардың жартысына да жете алмас едім - оған энергиям жетпейді. «Атлетико» жанкүйерлерінің жолы болды».

Айта кетейік, бүгін Энрике жаттықтыратын ПСЖ өз алаңында мадридтіктерді қабылдайды. Матч Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или