Бокстан ӘЧ: төрт дүркін Азия чемпионы алтын медальді сарапқа салады
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Будвада (Черногория) өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
67 келі салмақтағы жартылай финалдық белдесуде Сабырхан қытайлық Хаошен Чжанмен белдесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті – 5:0.
Осылайша, Төрехан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алып, алтын медальді сарапқа салады, ал қытайлық боксшы турнирдегі өнерін аяқтады.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы тарихтағы тұңғыш төрт дүркін Азия чемпионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или