«Рома» – «Торино». Римдіктер турнирлік кестенің төменгі бөлігінен шыға ала ма?
«Романың» бас бапкерінің ауысуы тиімді болды ма, әзірге белгісіз. Команда маусымға клубтың аңыз ойыншысы Даниэле Де Россидің жетекшілігімен қосылды, бірақ басшылықтың оған деген сенімі тез сөніп, римдіктердің тізгінін хорват маманы Иван Юрич ұстады. Оның клубы бүгін жеңіске жете ала ма?
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы WIN промокодын ұсынып отыр, оның көмегімен ойыншылар шотын 5000 немесе одан да көп сомаға толтырған кезде нақты ақша түрінде 5 000 теңге алады.
«Рома» алты ойын қатарынан «Торинодан» жеңілген жоқ. Қос команда арасындағы кездесулерде римдік команда 77 мәрте, туриндіктер 57 мәрте жеңіске жеткен, 50 матч тең аяқталған.
Юрич «Ромадағы» жұмысын жақсы бастаған – азулы «Удинезені» жеңді (3:0), бірақ одан кейін жолы болмады. Кейінгі жеті кездесудің екеуінде ғана римдіктер жеңіске жетті – аутсайдер «Венеция» мен Киевтің «Динамосын» жеңді. Кейінгі матчта «Фиорентинадан» ойсырай ұтылды (1:5).
«Торино» турнирлік кестеде тоғызыншы орында тұр. Туриндік команда маусымды барлық турнирдегі жеңіліссіз алты матчтан тұратын жақсы сериямен бастады – А сериясында 5 және ел кубогында 1 матч. Содан кейін жеңілістер сериясы басталды. Паоло Ваноли шәкірттері алдымен «Эмполиден» жеңіліп, кубокпен қоштасты, содан кейін «Лацио», «Интер» және «Кальяриден» жеңілді. Бірақ кейінгі матч жеңіспен аяқталды – лигаға биыл келген «Комодан» 1:0 есебімен басым түсті.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы кездесуге мынадай коэффициент ұсынып отыр: «Романың» жеңісіне – 1.70, «Ториноның» пайдасына - 5.40, тең ойынға – 3.96.
Сондай-ақ, «Торино» гол соғады» деген бәске 1.59 коэффициент ұсынған. Өйткені клуб соңғы бес ойынында қатарынан гол соғып жүр.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.