Қазақстан құрамасы өз алаңында Словениядан жеңілді
Алматыда Ұлттар лигасының 4-ші туры аясында Қазақстан құрамасы Словения құрамасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 0:1 есебімен Словенияның пайдасына шешілді. Жалғыз голды 55 минутта соққан Млакар. Бұл Станислав Черчесов бастаған команданың қатарынан үшінші жеңілісі.
Қазақстан - Словения 0:1 (0:0)
Гол: Млакар 55
Қазақстан : Шацкий, Быстров, Дарабаев, Марочкин, Әліп, Вороговсикй, Дарабаев, Тағыберген, Исламхан, Чесноков, Аймбетов;
Словения: Облак, Янжа, Бийол, Дркушич, Стоянович, Млакар, Элшник, Гнезда-Черин, Иличич, Шпорар, Шешко.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымын өз алаңында Норвегиямен (0:0) сенсациялық тең ойынмен бастады, бірақ кейін сыртта екі жеңіліске ұшырады - Словениядан (0:3) және Австриядан (0:4).