Шираздың Әлімханұлымен жекпе-жекке келісуі қате ме?

Шираздың Әлімханұлымен жекпе-жекке келісуі қате ме?

Knuckles and Gloves Boxing Radio подкастының жүргізушісі, The Fight City және bkfc.com сайттары мақалаларының авторы, кәсіпқой бокс әлеміндегі танымал инсайдер Патрик Коннор Prosports.kz сайтына WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Хамза Шираз арасында өтуі мүмкін жекпе-жек туралы пікір білдірді.

«Менің ойымша, Хамза бұл жекпе-жекті карьерасының басында қабылдап қателесті. Ол батыл шешім қабылдады, бірақ Жәнібек оның бүкіл карьерасын құртуы әбден мүмкін. Егер олар бұл жекпе-жекті ұйымдастырса, жақсы кездесу ұсынады. Міндетті түрде көрер едім», - деді беделді сарапшы.

WBO кәсіпқой бокстан WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен ұлыбританиялық Шираздың (25-0, 21 КО) командаларын 15 күн ішінде жекпе-жек өткізу туралы келісімге келуге міндеттеді. Егер тараптар келісімге келе алмаса, жекпе-жек промоутерлік аукционға жіберіледі, ал минималды ставка 200 мың АҚШ долларын құрайды.

Фото: Queensberry Promotions

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или