Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтпейтін болды
All Stars Boxing компаниясы қазақстандық боксшы Жанқош Тұров пен венесуэлалық Хесус Кореа Пинто арасындағы жекпе-жектің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жанқош жекпе-жекке дайындық кезінде жарақат алып, алдағы бокс кешінде өнер көрсете алмайтын болды.
«AllStarsBoxing кешінде Тұраров пен Пинто арасындағы жекпе-жек өтпейді. Себебі: Жанқош жарақат алды», - делінген хабарламада.
Еске салайық, Жанқош Тұраров - Хесус Кореа Пинто жекпе-жегі 28 қыркүйекте Алматыдағы бокс кешінде басты кард аясында өтуі тиіс болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или