«Ахмат» – «Крылья Советов». Жеңіс пен жеңіліс сериясының үзілетін уақыты келді
Бүгін РПЛ тоғызыншы турында Грозный қаласында «Ахмат» Самараның «Крылья Советов» командасымен ойнайды.
«Ахмат» бес ұпаймен турнир кестесінің соңында келеді. Биыл сегіз турда бес мәрте тең түсіп, үш мәрте жеңілген. Сергей Ташуевтің бас бапкер қызметіне келгелі команданың ойыны жүре бастады.
«Крылья Советов» турнир кестесінде 10-шы орында келеді. «Рубинді» жеңген соң жағдайын жақсартып алды. Бірақ команданың көшбасшы ойыншысының бірі Максим Витюгов жарақатына байланысты алаңға шықпайды.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы «Ахматтың» жеңісіне 2.27, «Крылья Советовтың» ұтысына 3.12, ал тең есепке 3.48 коэффициент беріп отыр.
Бұдан басқа «Екі таймда да алаң қожайыны жеңіске жетеді» деген болжамға 6.8 коэффициент берілген.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.