русский язык
Футзал

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Аргентинаны жеңді

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Аргентинаны жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Аргентинаны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Алматыда өтіп, 3:2 есебімен қазақстандықтар жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының голдарын Дәурен Тұрсағұлов, Ақжол Дәрібай және Арнольд Кнауб салды. Аргентиналықтар ойынның 30-минутында екі рет гол соқты.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 2024 жылдың 14 қыркүйегі мен 6 қазаны аралығында өтеді. Топтық кезеңде Қазақстан Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен ойнайды. Матчтарға билеттер FIFA сайтында қолжетімді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;