русский язык
Футзал

Қазақстан - Аргентина матчын QazSport арнасы көрсетеді

8 қыркүйек күні Алматы қаласында өтетін футзалдан Қазақстан мен Аргентина құрамалары арасында жолдастық матч қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды.

Кездесу елорда уақытымен сағат 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасы сайтынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аргентина құрамасы әлем чемпионатына 10 мәрте қатысты. 2016 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алса, 2021 жылы қола жүлдеге қол созды. Оңтүстік Америка құрлығында үш мәрте жеңіс тұғырына көтерілген.

Айта кетсек, биыл 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатында ел құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасады.

Ал Аргентина құрамасы С тобында Украина, Ауғанстан және Анголамен шеберлік байқасады.

Қазақстандық футзалшылар бұдан бұрын Тәжікстан құрамасымен екі мәрте жолдастық кездесуде 4:3, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;